ШҚО-да сақылдаған сары аязда арнайы мектептің төрт оқушысы қашып кеткен

Фото: pixabay
Серебрянск қаласында (ШҚО) төрт жасөспірім түн ортасында қақаған аязға қарамастан мамандандырылған мектеп-интернаттан қашып кеткен. Желіде олардың қоғамдық дәретханада үсік шалған қолдарын көрсеткен бейнесі тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазбаның авторы бұл арнайы мекемеден қашудың бірінші фактісі емес екенін алға тартады. Оған себеп – мекемеде оқушыларға күн көрсетпейді.

"Серебрянск қаласында арнайы мектептің оқушылары өздеріне төнетін қауіп-қатерге қарамастан бірнеше рет қашып отыр. Оған себеп – мекемедегі қорқынышты жағдай – балалар қорқытудың, физикалық зорлық-зомбылықтың және қорлаудың құрбаны болуда. Қашқан оқушыларды үсік шалған. Көшедегі қоғамдық дәретханаға тығылған. Бұл үшін кім жазаланады?", – деп жазды vestnik public.altay авторы.

Айта кетейік, 6 ақпанға қараған түні Серебрянск қаласы орналасқан Алтай ауданында ауа температурасы минус 32 градусқа жетті.

Оқиғаға ШҚО білім басқармасы жедел түсініктеме бере алмады, дегенмен мекеме фактіні жоққа шығармады.

Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат директорының міндетін атқарушы Сарқыт Давлетова жасөспірімдердің қашып кеткенін растады. Алайда, оның айтуынша, олар түнде табылды.

"Балалар дереу ауруханаға жеткізілді, дәрігерлердің қарауынан өтті, ендігі екеуі жіберілді", – деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ол балалармен бірге жауап алуда, сондықтан ол неғұрлым егжей-тегжейлі түсініктеме бере алмайды.

"Девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат" КММ – жабық мекеме. Онда 40 тәрбиеленуші бар, оның 15-і Павлодар облысынан, екеуі Қостанай облысынан, екеуі Алматы облысынан, 17-сі ШҚО-дан: оның Өскеменнің өзінен – 12 тәрбиеленуші, Глубокое ауданынан – екеуі, Алтай ауданынан – үш оқушы бар.

Бұған дейін Ақтөбе облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың "әлеуметтік" газды ұрлағаны хабарланған болатын.

Өскемен
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды