Ақтөбе облысында ұйымдасқан қылмыстық топ "әлеуметтік" газды ұрлаған

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2025 09:01 Фото: pexels
Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп, аталған өңірде кен орнының аумағынан "әлеуметтік" газ ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фигуранттар газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары болып табылады.

Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған.

Кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газ бар 12 вагон ұсталды.

"Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленетін болады. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: