"Балаға автобус еденін жудыру". Ақтөбеде арнайы жүргізілген тексеріс нәтижесі жарияланды

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде баланың автобус еденін жууға мәжбүр болғаны туралы ақпарат расталмады. Бұл туралы өңірдегі "Автопарк" ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесов мәлімдеді. Оның айтуынша, полицейлер тексеру кезінде бұл ақпаратты айқындайтын ешқандай факт таппаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде №19 бағыттағы автобус жүргізушісі оқушыны билетсіз жүргені үшін салонды тазалауға мәжбүрлегені туралы ақпарат тарады. Осы шағымды тергеу үшін қалалық ТҮКШ бөлімі өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылды. Полиция жүргізген тексеру, сондай-ақ ішкі қызметтік тексеру бұл ақпаратты растамады.  

"Ақтөбе қаласындағы № 19 бағыттағы автобустар "Автопарк" ЖШС-не тиесілі. Полиция осы шағым бойынша маршруттың жүргізушілеріне қатысты мұқият тергеу жүргізді. Тексеру нәтижесінде оқушының еден жууға мәжбүр болғандығы туралы ақпарат расталмады. Бұл ақпарат жалған. Автобус жүргізушілерінің міндеті — жолаушыны белгіленген аялдамаға қауіпсіз жеткізу". Ақтөбедегі "Автопарк" ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесов

Бұған дейін Ақтөбеде автобус жүргізушісі оқушыға еден жудыртқаны туралы ақпарат желіде тарап, осыған қатысты Оқу-ағарту министрлігі жасаған мәлімдемесін жариялағанбыз. Комитет оқиғаға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураның араласуын талап еткен еді.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбыр жауады