Ақтөбеде автобус жүргізушісі оқушыға еден жудыртқан. Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде он жасар оқушыны қалалық автобус жүргізушісі жол ақысын төлемегені үшін еден жууға мәжбүрлегені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Желідегі жазбада анасы баласының үйге кеш келгенін, жолақысын төлемеген соң автобус жүргізушісі оған еден жудыртып қойғанын айтып, шағымданады.
Бұл оқиғаға қатысты 7 ақпанда ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті түсініктеме берді.
"ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбеде автобус жүргізушісі жолақы төлемегені үшін мектеп оқушысын еден жууға мәжбүрлеген оқиғаны үзілді-кесілді айыптайды. Бала құқықтарының мұндай өрескел бұзылуына жол беруге болмайды", делінген хабарламада.
Комитет бұл әрекетті заңға қайшы деп санайды.
"Комитет оқиғаға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураның араласуын, сондай-ақ уақтылы шара қолданбаған қала әкімшілігінің әрекетсіздігі бойынша тергеу жүргізуді талап етеді. Біз кінәлілерге қатысты тиісті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, қоғамдық көліктерде балалардың құқықтарын сақтауды қатаң бақылауды күшейтуге шақырамыз, делінген мәлімдемеде.
Күні кеше Шахтинск балабақшасындағы бейнебақылау камерасына түскен тәрбиешінің "жұмыс әдістері" көптің жағасын ұстатты. Ол дөрекілік танытып, балаларды жұлқылап-жұлмалап, тіпті ауздарын көрпемен жауып тұншықтырған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript