Балалақшадағы тәрбиешінің "ерекше" жұмыс әдісі Шахтинск тұрғындарының жағасын ұстатты

Детский сад, детский садик, дети, ребенок, детсад, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2025 09:24 Фото: pixabay
Шахтинск балабақшасында тәрбиеші бейнебақылау камерасына түскен "жұмыс әдістері" үшін қызметінен босатылды. Мұғалім балаларға дөрекілік танытып, оларды лақтырған, тіпті аузын көрпемен жапқан. Мұндай әдістер ата-аналар мен шенеуніктердің үрейін ұшырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрларда мемлекеттік балабақшаның тәрбиешісі күрт қимылдар арқылы баланы ұйықтап жатқан жерінен жұлып алып дәретке отырғызып, артынша қайта жатқызып, бүлдіршіннің аузын қолымен содан кейін көрпемен жапқанын көруге болады. Бұдан бөлек, балалардан ойыншықтарды алу барысында дөрекілік танытқан, оның әрекетінен балалар құлап жатты. 

KTK мәліметтері бойынша, болған оқиға жайлы сәбилердің бірінің ата-анасы мәлімдеген. 

Шенеуніктер бұл тәрбие әдістерін өрескел және рұқсат етілмеген деп атады. Бұл роликтердің "кейіпкері" жұмыстан шығарылды. Полиция тергеуді бастады.

""Қарлығаш" бөбекжай-бақшасының әкімшілігі тәрбиеленушілердің бірінің ата-анасымен бірлесіп бейнебақылау камераларының мониторингі барысында тәрбиешілердің бірінің бөбекжай-бақшаның баласына дөрекі рұқсат етілмеген қатынасын анықтады. Нәтижесінде ата-аналар Ішкі істер органдарына тиісті өтініш беру туралы шешім қабылдады". Шахтинск қаласының білім бөлімінің басшысы Николай Онсович

Бұған дейін Алматыда "Алатау" театры базасында инклюзивті үйірмелер жұмыс істейтіндігі хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: