Астанада балабақшаның екі қызметкері жұмыс уақытында мас күйде жүрген

Астана, тәрбиеші, балабақша, ішімдік, балабақша тәрбиешісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2023 17:31 Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Әлеуметтік желілерде Астанадағы балаларға арналған шағын орталықтардың бірінде мекеме басшысы мен тәрбиеші мас жүргені жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазбада олардың ауруханаға жатқызылғаны (мас күйде) айтылған. Балалар ата-анасына тапсырылды.

Елорда полицейлері бұл ақпаратқа түсініктеме берді.

"4 шілдеде "102" арнасына балабақшадағы тәрбиешілер ес-түссіз жатқаны, балалар бақылаудан шығып кеткені туралы ақпарат түсті. Келе сала полиция педагогтардың мас екенін растады. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Балалар ата-аналарына тапсырылды", – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Алматыда тағы бір жекеменшік балабақша рұқсатсыз жұмыс істеп, онда балалар антисанитарлық жағдайда болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: