10 өңірде қар жауып, жол көктайғақ болуы мүмкін – "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерді сақ болуға шақырды

Закрытая трасса, стоп, снегопад, метель, закрытая дорога, непогода, перекрытая дорога, заносы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 09:25 Фото: Zakon.kz
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ауа райының нашарлауына байланысты қазақстандық жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, 2026 жылғы 10 қарашада таңертең Қазақстанның он өңірінде қар мен қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Мұндай ауа райы Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында күтіледі.


"Жүргізушілерден жолда барынша мұқият болуды, белгіленген жылдамдық шегінен аспауды, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтауды және жүретін бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Аса қажет болмаса, жолға шықпаған жөн", – делінген хабарламада.

Компания жүргізушілерге көлік шиналарының жай-күйіне ерекше назар аударуды ескертті. Жазғы шинамен жүргенде көліктің тайғанап, жол апатына ұшырау қаупі едәуір артады.

Жол қызметтері тәулік бойы жұмыс істейді. Тасжолдардың жай-күйі мен ауа райы туралы соңғы ақпаратты 1403 нөміріне қоңырау шалып білуге болады.

Бұған дейін 10 қарашаға Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған еді. Осыған байланысты жүргізушілерге алыс сапарға қалай дайындалу керектігі жөнінде кеңес берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: