"Қазавтожол" автокөлік иелеріне жаңбырлы ауа райындағы жол ережелерін еске салды
Сурет: Zakon.kz
Ауа-райының нашарлауына және дауылды ескерту жариялануына байланысты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 8 шілдеде автокөлік жүргізушілеріне бірқатар ескертпелер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ауа райының бұзылуына және дауылды ескертудің жариялануына байланысты жолда қауіпсіздікті сақтау туралы қатаң еске салады. Олардың ішінде:
- Жылдамдықты азайтыңыз: Жазғы дауыл кезінде қатты жаңбыр мен жел болуы мүмкін. Оның салдарынан жол көрінбей, ілінісу нашарлайды. Жылдамдықты азайтып және қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз.
- Кенеттен маневр жасамаңыз: Дымқыл жолда көлікті кенет бұру және тежегішті басу оның сырғанауына әкелуі мүмкін. Көлікті еркін жүргізіңіз.
- Жарықты жағып айдаңыз: Жол нашар көрінетін кезде жақын жарық пен тұманға қарсы жарықты қосып айдаңыз. Себебі басқа жол пайдаланушыларға сіздің көлігіңіз көрінуі керек.
- Терезе тазалағышты тексеріңіз: Терезе тазалағыштың істеп тұрғанын тексеріп, терезе жуғыш сұйықтықты толтырып алыңыз. Жауын кезінде сізге жол жақсы көрінетін болады.
- Жолдағы сынықтарға дайын болыңыз: Қатты жел ағашты құлатып, оның сынықтары жолда шашылып жатуы мүмкін. Сондықтан мұқият болып, кедергілерден аулақ болыңыз.
- Су басқан учаскелерді байқаңыз: Ешқашан терең су арқылы өтпеңіз. Судан шұңқырлар көрінбей, сіздің көлігіңізге зақым келуі мүмкін.
- Ауа райыны бақылап жүріңіз: Ауа райыны жиі бақылап және жолдың жағдайы туралы хабарламаларды қарап отырыңыз. Өзекті ескертулер мен ұсыныстар бойынша хабардар болыңыз.
- Қауіпсіз жерде тоқтаңыз: Дауыл күшейетін болса, онда ағаштар мен электр желісінен қауіпсіз жерде тоқтап, ауа райының жақсарғанын күтіңіз.
Синоптиктер 9 шілдеде еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript