Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық жол жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық жол жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2024 18:02 Сурет: unsplash
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық автожолдың жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр:

Жамбыл облысы: 

  • 2024 жылғы 13 қарашада сағат 17:00-де республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 535-593-шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына.

Түркістан облысы: 

  • 2024 жылғы 13 қарашада сағат 17:00-де республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 593-620-шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына.

Жолды 2024 жылғы 13 қараша сағат 23:00-де ашу жоспарланған.

"1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады"."ҚазАвтоЖол"
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: