Қазақстанның екі облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық жол жабылды

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Қазақстанның екі облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық жол жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылғы 12 желтоқсанда сағат 19:15-де Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Самара-Шымкент" республикалық автожолының 526-702-шақырым аралығындағы (БҚО шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2024 жылғы 13 желтоқсан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Cонымен бірге Самара-Шымкент республикалық автожолының 266-526-шақырым аралығындағы (Подстепное ауылынан БҚО шекарасына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына да шектеу қойылады.
Жолды 2024 жылғы 13 желтоқсан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript