"Алматы әуежайында төбеден су ақты". Желідегі видеоға қатысты түсініктеме берілді

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде Алматыдағы әуежайдың №2 жаңа терминалында төбеден су ағып тұрғанын сипаттайтын видео жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы халықаралық әуежайы аталған видеоға қатысты түсініктеме берді.

"Мердігерлік ұйым 1-терминал мен 2-терминал арасында сумен жабдықтау мақсатында резервтік құбыр жүргізу жұмыстарын орындады. 22 ақпанда жүйені сынак кезінде құбырлардың қосылған тұсының бірі ажырап кетті, салдарынан 2-терминалдың күту залында аздап су ақты", - деді Zakon.kz редакциясына әуежай өкілдері.

Жағдай жедел бақылауға алынып, оқиғаның салдары қысқа мерзімде жойылғаны да нақтыланады.

"Бұл оқиға әуежайдың жұмысына әсер етпеді және жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне қауіп төндірмеді. Ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алғыс білдіреміз". Компанияның корпоративтік коммуникациялар департаменті

Бұған дейін ұшақ апатынан кейін Қазақстандағы әуежайлар тексерілетіні хабарланған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді