Еліміздің ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері ағымдағы жылдың ақпан айында ғана:
- 17 дәрілік зертхана;
- 19 күдікті ұсталды;
- Заңсыз айналымнан 80 келіге жуық есірткі тәркіленді.
"Ең ірі қылмыстық істердің бірі Қызылорда облысында анықталды. Мұнда 46 жастағы ер адам – жасырын есірткі зертханасының ұйымдастырушысы және оның туыстары ұсталды. Олар элиталық сұрыптағы қарасораны заңсыз өсіріп, есірткі заттарын ірі көлемде сақтап, сатуды жоспарлаған", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Жыл басынан бері Қазақстанда 42 есірткі зертханасы жойылды, 45 күдікті ұсталды. Заңсыз айналымнан 100 келіден астам есірткі және 5 тоннадан астам прекурсор – есірткі өндірісіне қажетті химиялық заттар тәркіленді.