Алматыда жол ережесін елемеген шетелдік жүргізушіге 25 әкімшілік хаттама толтырылды

Фото: Zakon.kz
Алматыда полицейлер әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде қала аумағында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған азаматтық анықтады

Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ЖҚЕ бұзғаг жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол – BMW автокөлігін мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарған 19 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы болып шықты.

Жасалған құқық бұзушылықтар бойынша азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің әртүрлі баптары бойынша барлығы 25 әкімшілік хаттама толтырылды.

Атап айтқанда:

Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асты.

"Қазақстан Республикасының аумағында жүрген әрбір азамат, азаматтығына қарамастан, еліміздің заңнамасын сақтауға міндетті. Жол қозғалысы қауіпсіздігі – бұл жеке таңдау емес, әрбір адамның азаматтық жауапкершілігі. Құқық бұзушылар жедел анықталып, жауапқа тартылатын болады. Бұл – жазасыздық болмайтынын көрсететін мысал. Алматы полициясы мұндай деректерді әлеуметтік желілердегі мониторинг арқылы анықтау жұмыстарын жалғастыра береді", — деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз