Қазақстанның бірден бірнеше елдімекенінде жер сілкінісі тіркелді

Сурет: Indiana university
13 сәуірде таңертең Тәжікстанда болған жер сілкінісін Қазақстанның бірнеше елдімекендерінің тұрғындары да сезді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер сілкінісінің ошағы тәжік қаласы Худжандтан 170 шақырымда және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде орналасқан. Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше ірі қалалар мен 10-нан астам ауыл-аймақ тұрғындары екіден үш балға дейінгі жер сілкіністерін сезінді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ мәліметтер ұсынды:

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ.

Сондай-ақ Тәжікстанда болған жер сілкінісі толқындарын Өзбекстан мен Қырғызстанның да бірқатар елдімекендерінде сезілгені айтылады.

Бұған дейін Тәжікстанда бүгін қатты жер сілкінісі болғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді