Жамбыл облысында жол апатынан полицей қаза тапты

Сурет: Instagram/sadenov_online
Жамбыл облысында 2025 жылғы 23 сәуірде жол апаты болып, полиция қызметкері мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы Нұржан Дунбаев қызметтік міндеттерін атқару кезінде ЖКО-да қаза тапты.

Қазаға орай ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ЖКО-да қаза тапқан Жамбыл облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дунбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады. Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді",- деп жазды министр.

Бұған дейін 2025 жылғы 21 сәуірде Қарағанды қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары-полиция полковнигі Құсайынов Бекжан Төлеуұлының 53 жасында кенеттен өмірден өткендігі хабарланған болатын.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы