Ақкөл қаласында спортшы мен оның досын атып өлтірген айыпталушыларға қатысты үкім кесілді

Фото: Zakon.kz
Алқабилердің қатысуымен Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі азаматқа қатысты екі адамды өлтірді және үшінші адамды өлтіруге оқталды деген айыппен қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотпен анықталғандай, 2024 жылдың тамызында Ақкөл қаласында Б. бұрын болған жанжалды себеп қылып, К.-ны үш адамды өлтіруге итермелегендіктен, К. мылтықтан екі адамды өлтірген, ал үшінші жәбірленуші оқиға орнынан қашып үлгерді.

Алқабилердің шешімімен Б. кісі өлтіруге итермелегені үшін (ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 1,7-тармақтары) және К. екі адамды, адамдар тобында қастандықпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылды (ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 1,7-тармақтары). Сонымен қатар, К. атыс қаруды заңсыз сақтағаны және өзімен алып жүргені үшін кінәлі деп танылды (ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі).

"Жазаны тағайындауда сот, сотталушыларда жас балалардың болуын және жәбірленушілерді ауруханаға жеткізіп, алғашқы медициналық жәрдем көрсеткендерін жеңілдететін мән-жайлар деп ескерді. Масаң күйде қылмыс жасағаны ауырлататын жағдай деп танылды",- делінген ақпаратта.

Осылайша, сот үкімімен Б. 18 жылға бас бостандығынан айырылды және алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды, К. 18 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандардың әрқайсысынан жәбірленушілердің пайдасына 20 млн. теңгеден моральдық зиян өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі