Павлодарда найзағай түсіп, бірқатар аумақта электр қуаты үзілді

Сурет: pexels
27 сәуірде Павлодардағы "Транспортная" қосалқы станциясына найзағай түсіп, нәтижесінде "Западная городская" қосалқы станциясында электрмен жабдықтау тоқтатылды. Бұл туралы қала әкімі Хасар Хабылбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның деректері бойынша, Лесозавод ауданындағы, сондай-ақ Астана, Лермонтов және Бектұров көшелеріндегі тұрғын үйлер электр қуатынсыз қалды.

"Жедел түрде қажетті шаралар қабылданды, қазіргі уақытта тұрғын үй секторындағы электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді", – деп жазды Хабылбеков Instagram парақшасында.

Бұл ретте осы аймақтағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бір бөлігі уақытша жарықсыз қалды. Олар бойынша жұмыстар жалғасуда.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, өрт сөндірушілер екі трансформатордағы 80 шаршы метр аумаққа жайылған өртті ауыздықтады.


"Өрт туралы хабарлама Павлодар, Әкімшілік қалашық мекенжайы бойынша сағат 20:02-де келіп түсті. Өрт 21:17-де жойылды. Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталуда", – деп хабарлады ТЖД.

Сөндіруге 11 қызметкер мен төрт бірлік техника тартылып, апаттар медицинасы орталығының бригадасы да барған.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады