Екі құм сатушыдан 181 миллион теңгенің 11 көлігі, пәтерлері мен жер телімдері тәркіленді

Сурет: wikimedia
Семейде заңсыз құм қазып, зауыттарға өткізген екі кәсіпкер сотқа тартылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 28 сәуірде Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

"Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады. Олар 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан. Нәтижесінде күдіктілер заңсыз түрде 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген", – деп жазылған хабарламада.

Кейіннен құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға құмды өткізу жалған сәйкестік сертификаттарын пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырылған.

"Оны сатудан түскен қылмыстық табыс 150 миллион теңгеден асты. Күдіктілер осы қаражаттың бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 миллион теңге мөлшерінде табыс тапқан." ҚМА баспасөз қызметі

Соттың санкциясымен күдіктілердің 181 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған мүлкіне тәркілеу мақсатында тыйым салынды.

Мүліктердің қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 миллион теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар.

Іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды