Тараздағы жантүршігерлік жол апаты: жеңіл көлік автобус бен жүк вагоны арасында "мыжылып" қалды

Сурет: "ҚТЖ" ҰК" АҚ
2025 жылдың 4 мамырында Таразда жантүршігерлік жол апаты болды. Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты кезінде жолаушылар автобусы, жүк көлігі және жеңіл автомобиль соқтығысқан. Онымен қоса, жеңіл көлік вагон мен қоғамдық көліктің арасында "мыжылып" қалып кеткен.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар екі жолаушыны мыжылған жеңіл автокөліктен алып шығуға мәжбүр болды. Олар бірден жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды. Зардап шеккендердің жағдайы туралы нақты мәлімет жоқ.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі апат салдарынан кісі өлімі болмағанын нақтылады.

"Жол-көлік оқиғасы Бурыл станциясының жеке кірме жолында (Тараз – Жаңатас учаскесі) орын алды. Mercedes жүргізушісі теміржол өткелінен өту ережелерін бұзып, жүк вагондарымен соқтығысқан", - деді баспасөз қызметі.

Бұған дейін түнде көлігімен жарысқан екеу Алматыда жаппай жол апатына түрткі болғанын жазғанбыз.  

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі