Алматыдан 276 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

Сурет: Zakon.kz
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жексенбі, 11 мамырда, Астана уақыты бойынша сағат 13:09-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сейсмологтардың айтуынша, жер асты дүмпулерінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 276 шақырымда Қытай территориясында болған.

Жер сілкінісі ошағының координаттары: 40.859 градус солтүстік ендік және 78.004 градус шығыс бойлық, ошақтың тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісінің магнитудасы MPV 5.0, энергетикалық класы 10.7 болды.

Берілген есепке сәйкес, Қазақстан аумағында сейсмикалық белсенділік сезілмеді.

Бұған дейін 2025 жылдың 10 мамырында кешке Алматы тұрғындары жер асты дүмпулерін сезгені хабарланған болатын. Жер сілкінісінің ошағы ол кезде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы маңында – Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырымда орналасқан. Алматы және Қарасай (Қаскелең) ауданының, сондай-ақ Қарғалы ауылының тұрғындары екі балдық жер сілкінісін сезінді.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді