Самокат тізгіндеген жастар әйел адамды қағып кетті. Жәбірленушінің аяғы сынған

Фото: Zakon.kz
Елордалық әйелді самокат мінген жасөспірімдер қағып кетті, қатты соққыдан зардап шегуші ауыр жарақат алған. Бұл жайлы күдіктілерді желі арқылы іздеген азамматтың жазбасынан белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада "Хан Шатыр" ауданында самокат мінген бозбалалар жаяу жүргінші әйелді қағып кетті. Жәбірленушінің баласының айтуынша, әйелдің өкше сүйегі сынған. Оқыс оқиғадан кейін самокатшылар қашып кеткен.

Сурет: Астана ПД

2025 жылғы 22 мамырда Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Аталған факті бойынша кәмелетке толмағандардың тұлғалары анықталды. Олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады ведомство.

Полиция электросамокаттар мен мопедтер велосипед жолақтарымен немесе жолдың оң жақ шетімен, оның ішінде қоғамдық көлікке арналған жолақпен бір қатарда қозғалуы тиіс екенін еске салады. Тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарында қозғалыс жылдамдығы 6 км/сағ аспауы керек.

Жолдың жүріс бөлігінде қозғалысқа тек 18 жастан асқан жүргізушілерге рұқсат етіледі, бұл ретте олар шлем киіп, жарық шағылыстыратын элементтері бар киімде болуы тиіс.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз