Құлсарыдағы трагедия: жанар-жағармай құю бекетіндегі жарылыс кезінде төрт бала зардап шеккен

Сурет: freepik
Құлсары қаласында жанар-жағармай құю бекетінде болған жарылыс салдарынан зардап шеккендердің арасында төрт бала бар. Бұл мәліметті Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 30 мамырда кешке Қаратон ауылындағы жанар-жағармай құю бекетінде болған өрт салдарынан зардап шеккен 14 адамның Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілгенін, олардың ішінде төрт бала барын хабарлайды.

"Алғашқы тексеруден өтіп, қажетті диагностика жүргізілгеннен кейін 10 адам ауруханаға жатқызылды. Ал төртеуі амбулаториялық бақылауда болып, тұрақты мекен-жайы бойынша ем алуға жіберілді. Қазіргі уақытта ауыр жансақтау бөліміне түскен науқастар жоқ", - деді басқармадағылар.

Зардап шеккендердің жетеуі орташа ауырлық дәрежеде, тағы үшеуі - тұрақты жағдайда екендігі әрі олардың өміріне қауіп төндіретіндей асқынулар байқалмайтыны да нақтыланады.

"Зардап шеккендердің барлығы қажетті медициналық көмекті толық көлемде алады. Жылыой аудандық орталық ауруханасына Атырау қаласынан, оның ішінде күйік орталығы мамандары мен медициналық қызметкерлері жіберілді", - деп толықтырады басқармадағылар.

Бұған дейін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы "Ниет" жанар-жағармай құю бекетіндегі өрт пен жарылысқа қатысты жедел штабтың шұғыл отырысын өткізгені хабарланған.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты