Ақтауда тегін балмұздақ таратқан кәсіпкерге айыппұл салынды

Сурет: pixabay
Ақтауда халыққа сыйлық жасағаны үшін Роза Рымбаева жазаға тартылды. Белгілі әншімен аттас кәсіпкер дүкенге келушілерге, Балалар күніне орай, тегін тәттілер таратамын деп, басы бәлеге қалды. Себебі балмұздаққа таласқандар тым көбейіп, соңы жанжалға ұласқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK телеарнасының ақпаратынша, "Балаларды қорғау күніне орай тегін тәттілер таратылып жатыр" деп естіген ел бірден сол дүкенге ағылған. Дүкен алды лезде адамға лық толып, бір-бірін жанши бастаған. Тіпті кейбірі баласын жоғалтып та алған. Жергілікті билікпен келіспей іс-шара ұйымдатырғаны үшін кәсіпкерге айыппұл салынды.

"Кішігірім шара ұйымдастырдық. Бірақ осынша халық келетінін білген жоқпыз және әкімдікпен келіскен жоқпыз. Біз кішігірім, 60-70 бала жиналады деп сыйлықтарымызды дайындадық. Осынша халық келіп, кішігірім қысым боп қалып жатыр. Кешірім сұраймыз". Роза Рымбаева, кәсіпкер

Балалар мерекесінде тура осындай жағдай Шымкентте де орын алды. Тұран шағынауданындағы жаңа ашылған дүкендердің бірі тегін балмұздақ таратпақ болған. "Тегін үлестіріп жатыр" дегенді естіген тұрғындар дүкенге лап қойып, бір-бірін таптап кете жаздаған. Алайда балмұздақ бәріне бірдей жетпеген.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін