Lada.kz басылымы мәліметінше, зардап шеккендерді оқиға куәгерлері судан алып шықққан. Жасөспірімдердің бірі сол жерде қайтыс болды. Оқушылар жабдықталмаған орында шомылған.
"Оларды оқиға куәгерлері судан жағаға алып шыққан. Бірі, өкінішке қарай, көз жұмды. Екіншісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді", - деді ведомстводан.
Шақырту бойынша оқиға орнында төтенше жағдай департаментінен 12 маман, бес бірлік техника және бір жүзу құралы, сондай-ақ екі жедел жәрдем бригадасы, 12 полиция қызметкері және алты патрульдік көлік барды.
Бұған дейін шомылу маусымы басталғалы бері Қазақстанда қанша адам суға батқаны туралы ақпарат жарияланған болатын.