Алматыда өрт сөндіру көлігі апатқа ұшырады

Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 12 маусымында түн ортасына таман Алматы қаласының Түрксіб ауданында қызыл жалынды ауыздықтауға бара жатқан өрт сөндіру көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автоцистерна Сейфуллин көшесімен солтүстік бағытта қозғалған.

Сурет: Zakon.kz

Жүргізуші екі үй, монша мен шаруашылық құрылысты шарпыған ірі өртті сөндіруге асыққан. Жалын жалпы 500 шаршы метр аумақты қамтыды.

Сурет: Zakon.kz

Көпірге көтерілген сәтте автоцистерна бұрылыстан өте алмай, жоғары жиекке соғылып, жол белгісін құлатып, бүйіріне аударылған.

Сурет: Zakon.kz

"Зардап шеккендер жоқ. Көлік жедел түрде көтерілді, техникалық жағдайы — қалыпты", – деп мәлімдеді қалалық ТЖД баспасөз қызметі Zakon.kz редакциясына.

Айта кетейік, өрт сөндіру көлігі бағыт алған барақ типтес үйден бір адамның мәйіті табылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін