Шымкентте сүйіктісін айуандықпен өлтірген жігіттің ісі сотқа жетті

Фото: Zakon.kz
Шымкентте жас жігіт өзінің сүйіктісін пышақтап өлтіріп, денесін қапқа салып, айдалаға лақтырып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арна" ақпаратына сүйенсек, сүйгенімен айырылысуға келіспеген 2005 жылғы жігіт қызды соңғы кездесуге шақырып, ол үшін жалға көлік алады. 2007 жылғы жасөспірімді көлік жүргізіп үйретемін деп қаланың сыртына алып шығады. Сол жақта пышақтап өлтіреді. Одан кейін досын шақырып, қап алдырады. Екеуі мәйітті қаланың сыртына апарып тастайды. Бүгін осы іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті.

"Жәбірленуші Ерланқызын көліктің сыртына шығарып, өзінің алдын ала дайындап қойған, тергеу барысында анықталған пышақты алып, өмірлік маңызды органдарына жарақат салған. Және соңы өлімге алып келетінін болжап, осындай нәтиженің болуын қалап, пышақпен денесінің сол жақ көкірек тұсына бір рет, арқа тұсына екі рет соққы жасаған. Жасаған ісін соңына дейін жеткізу және Ерланқызының өлгеніне сенімді болу үшін қыздың мойын аймағын бірнеше рет жарақат салып, өлгеніне көзін жеткізген".Әскербек Пошимов

Бұған дейін Ақтөбеде учаскелік инспектордың тұрғындарды өрттен құтқарып қалғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды