Дербес деректердің таралуы: "Азаматтарға арналған үкімет" мәлімдеме жасады

Фото: gov4c.kz
2025 жылы 18 маусымда 2025 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ миллиондаған қазақстандықтардың, соның ішінде Арман Кенжеғалиевтің дербес деректерінің тарағаны туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде 18 маусымда:  "16 миллион қазақстандықтармен бірге Egov платформасының жұмысына жауапты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиевтің де дербес деректері желіге тараған" деген ақпарат пайда болды. Бұл жайтқа қатысты "Азаматтарға арналған үкімет" былайша түсініктеме берді:

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиевтің жеке деректерінің таралуы жайлы түрлі ақпарат көздерінде тараған мәліметтерге және осы жағдайды біздің ұйымның қызметімен байланыстыру әрекеттеріне орай түсініктеме беруді шештік. Мемлекеттік корпорация eGov.kz электрондық үкімет порталының қызметін реттемейді. Сондай-ақ, Мемлекеттік корпорация құзырындағы ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда мемлекеттік қызметтер ХҚКО-ның интеграциялық ақпараттық жүйесі (ХҚКО ИАЖ) негізінде көрсетіледі. Бұл 50-ден астам мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерімен біріктірілген "бір терезе".

Осыған орай, компания келесі маңызды жайттарды атап өтті:


"ХҚКО ИАЖ мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік желісінің қорғалған арнасы арқылы жұмыс істейді және интернет-байланыстың жария арналарына қолжетімділігі жоқ. Осылайша, ХҚКО ИАЖ азамат мемлекеттік қызметтерге өтінім беретін интерфейс болып табылады. Барлық ақпарат тиісті реестрлерге ие болатын құзырлы мемлекеттік органдарға тікелей жолданады. БАҚ өкілдерін және қоғамды жеке деректер мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігіне қатысты мәселелер бойынша ақпаратты тарату кезінде жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Шындыққа жанаспайтын кез келген ақпарат нақты тұлғалардың абыройына нұқсан келтіріп қана қоймай, азаматтардың жалпы мемлекеттік институттарға деген сеніміне де кері әсерін тигізеді", делінген ресми хабарламада.

2025 жылдың 18 маусымында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков 16 миллионнан астам қазақстандықтың жеке деректерінің қолды болуына байланысты өз пікірін білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты