Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" ҚР Заңына қол қойды

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 30 маусымда "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" ҚР Заңына қол қойды. Бұл жайында Ақорда таратқан мәлімдемеден белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Заң Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы саласындағы мемлекеттік саясатының ұйымдық-құқықтық негізін қалыптастырады және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, Заң аумақтық қорғанысты материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін реттейді. Қорғаныс министрлігіне тиісті функциялар бере отырып, аталған салаға мемлекеттік бақылау енгізілді. Құжат аумақтық қорғаныстың тиімді жүйесін қалыптастыруға және төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Тиісті шараларды ұйымдастыруға және жеткілікті деңгейде қаржыландыруға байланысты бірыңғай тәсілдердің қағидаттары айқындалды.

Қазақстанда аумақтық қорғаныс күштері COVID-19 пандемиясы кезінде, сондай-ақ 2020 жылы Сардоба су қоймасындағы жарылыс салдарын жоюға, 2022 жылы Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге, 2024 жылы еліміздің солтүстік-батыс өңірлерінде болған су тасқынын еңсеруге жұмылдырылды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұған дейін қазақстандық депутаттардың демалысқа шыққандығы хабарланған болатын.

Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды