Алматыда түн жарымында автобуспен жол апаты болды

Сурет: Zakon.kz
3 шілдеге қараған түні Алматыда жол апаты болды. Түн жарымында Саин даңғылында, Үлкен Алматы арнасы бойындағы көшеден төменірек жерде, қалалық бағыттағы автобус солтүстік бағытта автопаркке қарай келе жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz

Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, соқтығыс сәтінде автобус бұрылып жатқан. Сол сәтте Toyota Corolla маркалы автокөлік жоғары жылдамдықпен келіп, қоғамдық көліктің артқы бөлігіне соғылған.

Апат салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алды.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді. Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

Сурет: Zakon.kz

Қалалық автобус жүргізушісінің айтуынша, Toyota көлігі мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері нөмірлерді көліктің ішінен тапты.

Сурет: Zakon.kz

Бұл ретте, қатты соққыға қарамастан, автобус жүргізушісі дін аман.

Сурет: Zakon.kz

Бұған дейін Астанада 1 шілде күні кешке жаппай жол апаты болып, бір адам көз жұмғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент

Шымкенттік спортшы Софья Берульцева "Парасат" орденімен марапатталды