Тауарлық несие рәсімдетіп, ақшаны жымқырған: Ақмолада алаяқтыққа қатысты іс тергеліп жатыр

Фото: Zakon.kz
Қосшы қаласында тауарлық несиелерді қолма-қол ақшаға айналдыру сылтауымен жасалған алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Күдікті өзін делдал ретінде таныстырып, түрлі банктерден несиеге алынған тауарларды ақшаға айналдыруға көмектесетінін айтып, интернетке хабарландырулар орналастырған.

Оның схемасы бойынша клиенттің атына тауарлық несие (көбіне смартфон) рәсімдетіп, кейін тауарды сатып, көрсеткен қызметі үшін комиссиясын ұстап, қалған ақшаны иесіне қайтарамын деп уәде берген.

Клиенттерден растау кодтарын алған соң, күдікті техника дүкендерінен тауарды өзі алып, оны сатып жіберіп, ақшаны өзіне қалдырған.

2024 жылдың мамыр айында Қосшы қаласындағы ерлі-зайыптылар осы схемаға алданып, жалпы құны 2 миллион теңгені құрайтын төрт смартфонға несие рәсімдеген.

Алайда уәде етілген ақша қайтарылмағанын түсінген соң, жәбірленушілер сол айда полицияға жүгінген. Қазіргі таңда күдіктінің осындай жолмен өзге азаматтарды да алдағаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция қызметкерлері азаматтарға жеке деректер мен растау кодтарын бөгде адамдарға берудің қауіпті екенін тағы бір мәрте ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі