Қарағанды облысында есірткі жарнамасына қарсы күрес күшейтілді

Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысында полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз жарнамалауға қарсы жүйелі түрде ауқымды шаралар жүргізіп жатыр.

Бұл науқанға еріктілер ұйымдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен пәтер иелері кооперативтері (ПИК) белсенді түрде атсалысуда.

Жыл басынан бері осы бағытта 268 рейд ұйымдастырылып, нәтижесінде есірткі заттарын насихаттайтын 5098 граффити-сурет жойылды. Сонымен қатар осындай мазмұндағы парақшаларды таратқан төрт азамат ұсталды.

Ұсталғандардың екеуі — кәмелетке толмағандар. Олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қарағанды облысы полиция департаменті азаматтарға есірткі құралдарын жарнамалау мен насихаттаудың — жазба жазу, сурет салу, QR-кодтар жапсыру немесе басқа да кез келген тәсіл арқылы жүзеге асырылса да — қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Мұндай әрекеттер үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Полиция департаменті тұрғындарды қырағылық танытуға шақыра отырып, есірткі жарнамасына қатысты кез келген күмәнді жайттар туралы дереу хабарлауға үндейді.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды