Атырауда қомақты ақша жымқырған алаяқ 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: pixabay
Атырауда 40 миллион теңге жымқырған алаяқ 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Атырау облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары кезінде азаматтардың сеніміне кіріп, олардан алаяқтық жолымен 39 млн 955 мың теңге иемденген ер адамды ұстады.

Белгілі болғандай 26 жастағы ер адам техника сататын ЖШС-де жұмыс істеп, Instagram әлеуметтік желісіне жарнамалар орналастырған.

Қызығушылық танытқан адамдардан тауарды алдын ала төлеуді сұраған. Ақшаны ол ЖШС-іне тиесілі өз атына немесе әйелінің жеке кәсіпкерлік шотына аудартып, кейін қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Мәселен, 32 жастағы азаматша 809 мың теңгеге компьютер сатып алуға келісіп, көрсетілген шотқа қаражатты аударған. Уәде етілгендей тауар 14 күн ішінде жеткізілуі тиіс болатын.

Бастапқыда ер адам жеткізушілердің кінәсі немесе техникалық мәселелерді сылтауратқан, кейін тауар да, ақша да қайтарылмаған. Сол сияқты 28 жастағы ер адам компьютерлік техника сатып алуға келісіп, 21 млн 505 мың теңгесін аударып, алданған.

Сондай-ақ 27 жастағы тағы бір жәбірленуші ойын компьютері үшін 12 млн теңгесін жоғалтқан. Жедел іс-шаралар кезінде ЖШС-нің қазіргі иесі полицияға арызданған.

Ол мекемені жақында ғана сатып алғанын және бұрынғы қарыздар туралы білген соң, алаяқтық фактісі бойынша хабар берген.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жұбайының бұл іске қатысы жоқ екенін анықтады. Тергеу нәтижесінде ер адамның барлық заңсыз әрекеттері дәлелденіп, ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі бойынша сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін