Қарағанды облысының тұрғыны үйінің ауласын қарасора плантациясына айналдырған

Фото: Zakon.kz
Абай ауданында өткізіліп жатқан "Қарасора" жедел-алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі өсімдігін заңсыз өсіріп келген 58 жастағы жергілікті тұрғынның әрекетін әшкереледі.

Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің мамандары мен учаскелік инспекторлар оның үйінің ауласынан арнайы агротехникалық әдіспен өсірілген 217 түп қарасораны анықтап, тәркіледі.

Тұрғылықты мекенжайды одан әрі тінту барысында ерекше иісі бар, өсімдік тектес шамамен 10 грамм зат табылды. Сараптама нәтижесінде оның есірткі затына жататыны расталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің есірткілік өсімдіктерді заңсыз өсіру бабымен іс қозғалып, қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз