Алматылық әйелдің үстіне ағаш бұтағы құлап, мерт қылды

Фото: akorda.kz
Бүгін, 2025 жылғы 13 тамызда, құлаған ағаш бұтағының салдарынан әйел адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Алматы қаласының Алмалы ауданында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сүйенсек, әйел оқиға орнында көз жұмған.

Қалалық Полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісінің сауалына берген жауабында оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын айтты.

"Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады", – делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Алматы тауларында 72 жастағы ресейлік туристің аяғын тас басып қалып, құтқарушылар шұғыл көмекке келгендігін жазған болатынбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған