Ақтөбеде аттракцион шынжыры бес жасар бүлдіршіннің саусағын жұлып кетті

Сурет: pixabay
Ақтөбеде балалар аттракционында бес жасар қыз саусағынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қобда ауданы Жарық ауылының тұрғыны, бес жастағы Аяла сол күні бауырларымен қалаға келіп, аттракционға барған. Қасында әжесі болыпты.  "Жұлдызша" әткеншегіне  мінбек болған баланың  қолын темір шынжыр тартып кеткен. Қайғылы жағдай болған аттракцион жұмысын жалғастырып жатыр. Кешен өкілдері пікір білдіруден бас тартты. Ата-ананың арызынан кейін полиция қылмыстық іс қозғаған, тергеу басталды. Ойын алаңындағы құрал-жабдықтардың жарамдылығын арнайы комиссия тексермек, деп хабарлайды Astana.tv.

"Қайта саусағын іліп кетті, өзін алып кетсе қайтеміз? "Баланың өзі кінәлі" деп тұра ма? Бұл - бала ғой, білмейді, ол жерді ұстамау керек екенін. Қоршап қою керек ол жерді". Зардап шеккен баланың анасы Алтын Шалабаева

Дәрігерлер ота жасады. Бүлдіршіннің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

"Саусақ алып келді, қарадық саусақ механизмге қысылған, жаншылған. Жаны жоқ. Орнына тігуге келмейді. Біздер басқа маманға көрсеттік, "келмейді" деді олар да. Сондықтан орны тегістеліп қалпына келтірілді. Көмек көрсетілді. Ем алып жатыр. Қазір жағдайы қалыпты". Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігері, травматолог Қуантай Махамбетов

Бұған дейін жаңа туған сәби Жаңақорғаннан Қызылордаға тікұшақпен шұғыл жеткізілгені хабарланған.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Қарин: Соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі сақталып отыр

Қазақстанға қоныс аударатын қандастар мемлекеттік субсидияны қалай ала алады

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жазаланды

Ақордада Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті