Алматыда ірі есірткі зертханасының ұйымдастырушысы сотталды

Фото: pexels
Алматыда өткен жылдың қазан айында жерасты есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін ұсталған Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Зертхана Медеу ауданының жеке секторында орналасқан.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген арнайы іс-шара барысында полиция қызметкерлері 21 келіден астам дайын мефедрон, химиялық реагенттер, есірткі өндірісі мен буып-түюге арналған құрал-жабдықтарды тапты және тәркіледі.

"Бұл азаматқа қатысты соттың үкімі атқарылған жұмыстардың заңды нәтижесі болып саналады. Есірткі зертханасының ұйымдастырушысы кінәлі деп танылды, тиісті жазасын алады. Мұндай қылмыстар қоғам үшін үлкен қауіп төндіреді, сондықтан Алматы полициясы есірткі қылмысына қарсы күресті жүйелі түрде жалғастырып келеді. Біздің мақсатымыз – жеткізу арналарының жолын кесу, синтетикалық есірткілердің таралуына жол бермеу және жастарды есірткі қауіпінен қорғау", – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Полиция есірткі жасау және таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін