Жамбыл облысында психотроптық заттарды сатумен айналысқан ұйымдасқан топтың әрекеті тоқтатылды

Сурет: YouTube/PolisiaKz
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Алматы қаласынан Жамбыл облысына психотроптық заттарды заңсыз тасымалдаумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін әшкерелеуге бағытталған арнайы операция жүргізді.

Нәтижесінде Тараз қаласындағы бірқатар дәріханадан келесі заттар анықталып, тәркіленді: 364 ампула күшті әсер ететін трамадол препараты, 1800-ден астам тропикамид, сомнол және димедрол таблеткалары, 17 грамм психотроптық оксивид заты.

Төрт күдікті ұсталып, олардың ішінде Тараз қаласының 59 жастағы тұрғыны 2023 жылдан 2025 жылға дейін тыйым салынған препараттарды жеткізу және тарату схемасын ұйымдастырып, оны дәріхана бизнесі ретінде жасырып отырғаны анықталды.

Іс фигуранттары кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұйымдастырушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта құқыққа қайшы әрекетке қатысы бар басқа тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша шаралар жүргізілуде.

Мұндай операциялар – азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ішкі істер органдарының жүйелі жұмысының бір бөлігі.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды