ШҚО-да полицейге шабуыл жасаған ер адамға екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкеріне шабуыл жасаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Ол екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, пробация қызметінің бақылауына алынды.

Оқиға құжаттарды тексеру барысында болған. Полиция тоқтатқан көлікте отырған ер адамдардың бірі есірткіге мас күйінде құжаттарын көрсетуден бас тартып, агрессивті әрекеттерге барған. Нәтижесінде ол тәртіп сақшысына дене жарақатын салып, артынша полицейдің басы мен қолына тас лақтырған.

Сот ер адамды екі бап бойынша – есірткі құралдарын тұтыну және билік өкілдеріне күш қолдану деректерімен кінәлі деп таныды. Дегенмен істің мән-жайы ескеріліп, сот айыпталушыға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза белгіледі.

Енді құқық бұзушы пробация қызметіне белгіленген тәртіппен келіп тұруға міндетті. Оған құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, есірткі қолдануға және өзге де құқық бұзушылықтарға тыйым салынғаны ескертілді. Егер белгіленген талаптарды бұзса, шектеу жазасы нақты бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.


"Біздің міндетіміз – адамды қамау емес, оны қоғамға пайдалы азамат ретінде қалыптастыруға көмектесу. Қайта қылмыс жасамауы үшін әрбір қадамы бақылауда болады. Бұл – сот төрелігінің тек жазалау емес, екінші мүмкіндік беретінінің айқын көрінісі", – деді ШҚО ҚАЖД Шемонаиха аудандық пробация қызметінің бастығы Гүлмира Бөлекбаева.
Өскемен
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды