Қарағанды облысында ірі көлемдегі қарасора алқабы анықталды

Фото: Zakon.kz
Абай ауданында "Қарасора — 2025" жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі тектес өсімдіктерді өсіру және сақтаумен айналысқан жергілікті тұрғын ұсталды.

Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Абай аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкерлері бірлескен рейд барысында 41 жастағы күдіктінің үй ауласынан есірткі заттарының ірі партиясын анықтады.

Тексеру кезінде полицейлер 40 түп кептірілген марихуананы тәркіледі. Олардың жалпы салмағы шамамен 5 келіні құрады. Бұған қоса, сатуға дайындалған тағы 5 келі кептірілген марихуана табылды. Сонымен қатар ауладан 68 түп өсірілген қарасора плантациясы анықталды.

Аталған дерек бойынша аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз өсіру және сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр.

Полиция органдары өңірде есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген деректі қатаң бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз