Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

Фото: Zakon.kz
Жетісу облысында "Қарасора – 2025" жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі тасымалдау және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел түрде Алматы қаласынан жеткізу тізбегі анықталды. Алматы – Өскемен автожолында полицейлер 65 жастағы ер адам мен оның Toyota көлігін тізгіндеген 29 жастағы ұлын ұстады. Автокөліктің салонынан 19 келі марихуана тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктінің ұлы есірткіні Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғынынан алғанын айтты. Кейінгі шаралар барысында күдіктінің 66 жастағы жұбайы да анықталды.

Ол телефон арқылы күйеуі мен ұлының іс-әрекетін үйлестіріп, Алматы мен Жетісуға есірткі жеткізіп отырған. Оның тұрғылықты жерінен тағы 1 келі марихуана табылды. Облыстық прокуратурамен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде облыс аумағында жеткізуді ұйымдастырған күдікті ұсталды.

Жамбыл облысындағы оның қожалығынан 10 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді. Барлық қатысушы қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Полиция есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және өткізу үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және мүлкін тәркілеу көзделгенін еске салады.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз