Көлік полицейлері 76 жастағы ер адамнан есірткі өсімдігін тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен "Қарасора — 2025" жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының 76 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Тінту кезінде оның үйінің ауласынан 164 түп есірткі өсімдігі табылып, тәркіленді.

Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 96 келіден асты. Осылайша, көлік полицейлері есірткі жеткізу мен өткізудің ішкі арнасын тоқтатты.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін