Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды: бір SMS жеткілікті

Фото: freepik
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер интернеттегі алаяқтықтың бұрын-соңды болмаған әдісін әшкереледі. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Zakon.kz хабарлайды.

Киберполиция қызметкерлері 18 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Белгілі болғандай, күдікті әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерді бақылап жүрген. Эфир кезінде қолданушылар ұялы телефон экранын көрсетіп, кейде нөмірлерін дауыстап айтқан.

"Осы сәтте экранға мессенджерге кіруге арналған SMS-кодтар шығып қалатын. Сол кодтарды пайдаланып, күдікті жәбірленушілердің аккаунттарына кіріп алған. Артынша олардың атынан таныстарына ақша аударуды сұрап, хабарламалар жіберген", – делінген ПД ВКО баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Алаяққа түскен қаражат күдіктінің өз шотына аударылып отырған.

Барлығы бес адам зардап шекті.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы – "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция азаматтарды онлайн-трансляцияларға қатысқанда ақпараттық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға тағы да шақырды.

"Тікелей эфир кезінде жеке деректерді, соның ішінде ЖСН-ді, банк карталарының нөмірлерін, тұрғылықты мекенжайды, телефон нөмірлерін және өзге де құпия ақпаратты жариялауға немесе дауыстап айтуға болмайды. Егер сіз интернет-қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жүгінуіңіз немесе 102 нөміріне хабарлауыңыз қажет", – делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 2025 жылғы 15 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, елдегі киберқауіптерге қарсы шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты