Алматының Наурызбай ауданында 47 шақырым жол жаңартылып жатыр

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Наурызбай ауданында 2025 жылы жол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстар негізгі көшелерді қамтып отыр, деп атап өтті Наурызбай ауданының әкімдігі.

Тұрғындардың өтініші және аудан әкімдігінің бастамасы бойынша Алматы мобилділік басқармасы қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен жалпы ұзындығы 47,1 шақырым болатын 35 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын бастады. Бұл аудан үшін рекордтық көрсеткіш.

Бүгінде жалпы ұзындығы 34,9 шақырымнан асатын 26 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Тағы 3 учаскеде жұмыстар жалғасуда. Жөндеу жұмыстары биыл 15 қазанға дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Қабылбаев, Сейітметов, Тыныбаев, Смайлов, Әйтей батыр, Лапин, Қосынов, Арман, Жақаев және басқа да бірқатар көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Мамандардың айтуынша, жол төсемін жаңарту қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырады, шағынаудандар арасындағы көлік қатынасын жақсартадыжәне негізгі магистральдардағы жүктемені азайтады.

Қала тұрғындары жүзеге асқан өзгерістерге оң баға беріп отыр. "Бұрын Қазыбеков көшесінде тіпті төмен жылдамдықпен жүрудің өзі қиын болатын. Міне, енді жол тегіс әрі қауіпсіз. Бұл жүргізушілерге де, жүргіншілерге де ыңғайлы", – деді аудан тұрғыны Әлима.

Әкімдікте Наурызбай ауданының қарқынды дамып келе жатқаны, жаңа тұрғын үй кешендерінің бой көтергені атап өтілді. Сондықтан жол инфрақұрылымын жақсарту өте маңызды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды