Түркістан облысында пәтер ұрыларының тобы ұсталды

Фото: Zakon.kz
ІІМ бөтеннің мүлкін ұрлауға, оның ішінде пәтер ұрлығына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді.

25 қыркүйекте Түркістан облысында криминалдық полиция қылмыстық топты ұстады. Олар алты ай бойы пәтер ұрлығымен айналысқан.

Күдіктілер пәтерге пластикалық терезелерді бұзып ашу арқылы кірген. Алтын бұйымдар, ақша және басқа да құнды заттарды ұрлаған. Жалпы келтірілген шығын 39 млн теңгеден асады.

"Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде", – деді ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков.

Тұрғын үйді ұрлықтан қорғау үшін ІІМ есіктерді күшейтіп, күзет жабдықтарын қою сияқты шаралар қабылдауды ұсынады.

Қолда бар ақша жинақтары, зергерлік бұйымдар мен оларды сақтау орындары туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде жарияламауға кеңес береді.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

Тибетте қатты жер сілкінісі болды