Алдымен қылқындырып, артынша зорлаған: Оралда 10 жастағы қызға шабуылдаған күдікті қамауға алынды

Фото: Zakon.kz
Оралда 10 жастағы қызды зорлаған күдікті ақыры ұсталды. Оқушыны қорлаған азғын уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер қылмыстық істің қандай бап бойынша қозғалғанын айтқан жоқ. KTK алдын ала болжам бойынша, азғын мектеп оқушысын алдымен қылқындырып, кейін зорлағанын жазды.

"Күдікті қызды орманға сүйреп әкеткен. Полицейлер оқиға орнын тінтіп, қылмыскердің ізіне түскен. Бір тәуліктен кейін ақыры ұсталды",- делінген басылым ақпаратында.

Дегенмен, болған жағдай тұрғындардың зәресін алды. Олар баласын көшеге жалғыз шығарудан қорқып қалған. Осылайша, араға бір күн салып, 1 қазанда тәртіп сақшылары күдіктінің ұсталғанын жария етті.

"Жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері кәмелетке толмағанға қатысты құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Балаларға қатысты жасалған қылмыстар ерекше бақылауда болатынын және ең қатаң түрде жазаланатынын атап айтқым келеді",- деді БҚО ПД бастығы Арман Оразалиев.

Бұған дейін Қазақстандағы рақымшылық аяқталғанын, онымен кімдердің бостандыққа шыққанын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік