Алматыда үшінші қабаттан секіріп кеткен сарбаздың денсаулығына қатысты тың мәлімет жарияланды

Сурет: Zakon.kz
4 қазанда Алматыда мерзімді қызметтегі сарбаз биіктіктен секіріп кетті. Оның аман, қазір ауруханада екені белгілі. Дәрігерлер жарақат алған жігіттің денсаулығына қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2007 жылғы мерзімді қызметтегі сарбаздың  "биіктіктен құлап, алған жарақат" диагнозымен қалалық жедел жәрдем ауруханасына келіп түскенін, қазір қажетті медициналық ем-шараларын алып жатқанын растады. 

"Науқасты дәрігерлердің көпсалалы тобы шұғыл тексерді. Барлық қажетті клиникалық және аспаптық зерттеулер жүргізілді. Науқастың жалпы жағдайы орташа", - деп түсіндіреді дәрігерлер.

Сондай-ақ салалық басқарма әскери қызметші бейінді бөлімшеге жатқызылғанын нақтылады.

"Емдеу ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде қабылданады". Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Мерзімді сарбаз Алматыда үшінші қабаттан секіріп кетті. Бұған дейін қызмет барысында дәрігерлер оған "айналаға бейімделу бұзылысы" диагнозын қойған (сарбаз әскерге шақырылмас бұрын жақын туысынан айырылған). Ол әскери-дәрігерлік комиссияның шешімін күтіп жүрген болатын.  

 Бұған дейін Алматы облысында шекара қызметіндегі сарбаз көз жұмғанын жазғанбыз.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты