Алматыда мерзімді әскери қызметтегі сарбаз үшінші қабаттан секіріп кетті

Алматыда мерзімді әскери қызметтегі сарбаз үшінші қабаттан секіріп кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2025 15:06 Сурет: Zakon.kz
Алматыда көпқабатты үйдің үшінші қабатынан сарбаз секіріп кетті. Ол тірі қалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, №5571 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген сарбаз қатты күйзеліске түскен.

"Ол Алматы қаласының шұғыл медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қызмет барысында дәріглерлер әскери қызметшіге «бейімделу бұзылысы» диагнозын қойған (сарбаз әскерге шақырылмас бұрын жақын туысынан айырылған). Ол әскери-дәрігерлік комиссияның шешімін күтіп жүрген болатын. Бұл комиссияның шешімі оның әскери қызметті одан әрі атқаруға жарамдылығын анықтайды", - делінген хабарламада.

Ұлттық ұлан өкілдері бейнебақылау камераларындағы жазбаларда бөгде адамның араласқаны анықталмағанын атап өтті.

Қазір қызметтік тексеріс тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, 2025 жылдың қыркүйек айының соңында бірқатар БАҚ-та суицид жасауға әрекеттенген жеті мерзімді қызмет сарбазы бір мезетте психиатриялық ауруханаға түскені туралы ақпарат тараған еді. Кейінірек Қорғаныс министрлігі осы ақпаратқа қатысты түсінік берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: