Алматы облысында шекара қызметіндегі сарбаз көз жұмды

Шекара қызметі, Алматы облысы, сарбаз, қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2025 12:20 Сурет: gov.kz
2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы жауынгері көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі — менингококцемия.

Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.


"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады". ҚР ҰҚК-ның баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда мерзімді әскери қызметтегі сарбаз үшінші қабаттан секіріп кеткені белгілі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: