Маңғыстаудағы 10 адамның өмірін қиған жол апаты. Отадан кейін көлік жүргізушісі қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысында 11 қыркүйекте 10 адамның қазасына әкеліп соққан жол апатында Toyota Hiace көлігі тізгінінде болған жүргізуші ауруханадан босап шықты. Алайда ол қазір тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының мәліметінше, сол кезде үш адам ауруханаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, Жаңаөзен қалалық ауруханасынан зардап шеккен үш адам бүгіндері босатылған. Олардың екеуі Жаңаөзеннен санавиациямен алдымен Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді, содан кейін Астанаға одан әрі емделуге жіберілді. Үшінші жәбірленуші - минивэн жүргізушісіне ота жасалды және оны шыққаннан кейін тергеу изоляторының қызметкерлері алып кеткен. 

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР ҚК-нің 345-бабы, яғни "Адамдардың қаза болуына әкеліп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Полицейлер 10 адам қаза тапқан жол апатының барлық мән-жайларын анықтауда.

Айта кетсек, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданында Бекет ата басына зиярат етуге бара жатқан, ішінде бір топ қажы бар көлік жол шетіне ұшып кетіп, аударылған. Оқиға орнында сегіз адам жан тапсырды, ал екеуі ауруханаға апара жатқанда көз жұмды. 

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

2025-2026 оқу жылы: Оқушылардың білім алу уақыты мен демалыс кезеңі белгілі болды