БҚО-да ипотекамен тұрғын үй алуға көмектесемін деп уәде берген күдікті әйел ұсталды

Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері азаматтарды алдап келген 34 жастағы күдікті әйелді ұстады.

Ол бұған дейін банк саласында жұмыс істеген және тұрғындарға ипотекалық несие рәсімдеуге, тұрғын үй мен автокөлік сатып алуға көмектесемін деп сендіріп, олардың ақшасын иемденген деген күдікке ілінді.

Тергеу барысында күдіктіге қатысты алаяқтықтың 12 фактісі анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Келтірілген жалпы материалдық залалдың көлемі 50 млн теңгеден асады. Белгілі болғандай, жәбірленушілердің басым бөлігі – қаладағы жеке кәсіпкерлер.

Кейбір жағдайларда күдікті автокөлік сатып алуға жәрдемдесемін деп алдап, азаматтардың қаражатын иемденген.

Ең ірі эпизод облыс аудандарының бірінің тұрғынына қатысты: ол ипотека рәсімдеуге көмек көрсетемін деген желеумен күдіктіге 23 млн теңгеден астам қаражат берген. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Полиция азаматтарды барынша сақ болуға шақырады.

Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз немесе ұқсас деректер туралы білсеңіз, полицияға дереу хабарласыңыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін